Бұл туралы аудан әкімі Шота Оспанов облыс активінің жиналысында айтты. Жанкелдин ауданында өңірдің қаңтар-қазан айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері қомақты. Ауданда бюджет түсімі өткен жылмен салыстырғанда 121%-ке орындалған.
Яғни, жергілікті қазынаға 781,6 млн теңге түсіпті. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру де жоғары нәтижеге ие. Мұнда жыл басынан бері негізгі капиталға 3 млрд. 352 млн теңге инвестиция тартылған. Осылайша, жоспар 179%-ке орындалды. Айта берсек, шалғай өңірдегі көрсеткіш көз қуантады.
“Есепті мерзімде құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 670 млн-ға ұлғайып , 3 млрд теңгеден асты. Ол автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстарының және тұрғын үй құрлысының есебінен қамтылды. Биыл өңірде 4 461 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуінің арқасында, құрылыс көлемі нақты көлемі 5 есеге артты. Оның ішінде аудан орталығында 16 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Мұның сыртында су тасқынынан зардап шеккен Тәуіш және Көлқамыс ауылдарының турғындары үшін 41 үй салынды. Жалпы, ауданның даму көрсеткіштері үнемі бақылауда болады”, – деп баяндады Жанкелдин ауданының әкімі Шота Оспанов.
Әлібек ЫБЫРАЙ