Бұл туралы жалпы практика дәрігері Құралай Қайратқызы тілшімізге берген сұқбатында айтып берді.
Маман қаладағы №3 емханада жемісті еңбек етіп келеді. Бір күнде 50-60 науқасты қабылдап, түстен кейін үйге шақырған тұрғындарды аралайды. Дәрігер науқастарға медициналық сақтандырудың мол мүмкіндігі жайлы түсіндіріп, көмек беріп отырады. Осының арқасында пациенттердің медициналық қызметтерге қолжетімділігі артып, қажетті ем-дом мен процедураларды дер кезінде алуға көмектеседі.
–Қабылдауыма 18 жасқа толмаған балалармен қатар ересектер де келеді. Медициналық сақтандырудың берер көмегі өте мол. Соның арқасында науқастар дәрігерге жазылып, толық тексеруден өтіп, лабораторлық сараптама жасата алады. Қазір ота жасалғаннан кейін реабилитациялық көмек беріледі. Ол 6 айға дейін созылады. Соның бәрі біздің емханада қамтылған. Науқас дене шынықтырып, күндізгі стационарда ем алады. Мұның бәрін де тегін түрде жүргізіледі. Ал одан кейінгі кезеңде шипайжайларға барып, тегін демалып, емделуге жолдама беріледі, – дейді Құралай Қайратқызы.
Маман әр науқасқа жеке көңіл бөліп, олардың денсаулығына жауапкершілікпен қарау, тек кәсіби тұрғыдан ғана емес, адамның психологиялық жай-күйіне де мән беру қажет деп есептейді. Оның бұл ұстанымы науқастардың сенімін оятып, емдеу үдерісін тиімді ете түседі. Медициналық көмекке зәру тұрғындар үшін де пайдалы ақпараттарды жеткізіп, оларды медициналық қызметтерге тартуға тырысады. Толығырақ газеттен кейіпкердің тілшімізге берген сұқбатынан оқи аласыздар.