Меңдіқаралық отбасы кәсіпкерлікті ұштастырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

Меңдіқаралық отбасы кәсіпкерлікті ұштастырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

Ұлбосын Ыбыраева Қызылорда облысының тумасы. Жасынан еңбекке ерте араласып, сауда саласында жүрген. Тағдырдың жазуымен Меңдіқара ауданына көшіп келіп, осы жерде тұрақтап қалды.

Өмірдің күрделі кезеңдеріне қарамастан, отбасын асырау үшін еңбек жолын тоқтатқан емес. Меңдіқарада қалып, мұнда өмірін жалғастыруға шешім қабылдағанына да он жылдай уақыт өтіпті. Өмір жолы жеңіл болған жоқ, бірақ ұл-қыздарына үйреткен еңбексүйгіштік пен табандылықтың арқасында қиындықтарды еңсере білді.

«Құдай қаласа, 78 жасқа аяқ басамын. Бірақ мен үшін бұл жас – өмір бойы еңбек еткен жолдың бір белесі ғана. Балалық шағым еңбекпен өтті, әрі осы еңбектің қадірін жақсы білемін. Біз мектепке барған кезден бастап еңбекке жақын болдық. Алғашқы кезден-ақ, 6-7 сынып оқып жүргенімізде жұмысқа шықтық. Әке-шешеміз еңбекке баулып, әрдайым еңбектің қадірін түсіндіруге тырысты», – деп еске алады жастық шағын Ұлболсын Ыбыраева.

Нарық жылдары талай отбасы күнкөріссіз қалды. Бұл қиындық бұл отбасын да айналып өтпепті. Нарықтың аласапыран шағында адал еңбек еткен жұмысы ыдырап, ала дорбаны да арқалаған шақтары болды.

Қазір апамыздың келіні төрт түліктен мол өнім өндіріп отыр. Қаймақ шайқап, құрт қайнатып, тіптен тәтті тоқаштарды пісіріп сатады. Оның дайындаған өнімдері – табиғи, таза, дәмді. Бәрі де көпшіліктің сұранысына ие. Ал ұлы болса жеке кәсіпкер ретінде мал алған.

Ұлы мен келінінің бірге еңбек етуі отбасының берекесін арттырды. Олар өздерінің еңбекқорлығы мен кәсіпкерлікті ұштастырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Отбасы мүшелері бір-бірін қолдап, әрқайсысы өз ісіне адалдықпен қарап, табысты еңбек етеді. Олар үшін ең маңыздысы – адал еңбек пен отбасылық ынтымақ. Толығырақ газеттен оқи аласыздар.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Жаңалықтармен бөлісу