Алтынсариндік кәсіпкер көлік жөндейтін шеберхана ашты

Алтынсариндік кәсіпкер көлік жөндейтін шеберхана ашты

Қамысты ауданы Алтынсарин ауылының тұрғыны Қайрат Бакенов бірнеше жыл бойы Қостанай-Қарабұтақ республикалық тасжолының бойынан көлік жөндейтін шеберхана ашуды ойлап жүрген болатын. Биыл көптен күткен ойы маусым айында іске асты.  Алтынсарин ауылынан  көлік доңғалағын жөндейтін шағын орын ашты.

Айта кету керек, Қамысты ауданы бойынша жүк көліктерін шиномонтаж ісі ауданы бойынша жоқ деп айтуға болады.

Көп балалы әке арнайы грантқа қатысып, жобасы бірден қолдау тапты.

Басыңда көп ойландым, жүк көліктерін жүргізушілерімен сөйлесіп кеңестім. Тас жолдың бойында қаншама бұзылған жүк көліктерін көрдім. Техника болған соң бұзылмай тұрмайды. Зерделедім, көптеген жүк көліктері доңғалақтары жарылып, жолда қалып жатады. Мұндай қызметке сұраныс жоғары екенін бақыладым, – дейді Қайрат Бекенов.

Өйткені, Қостанай мен Ақтөбені байланыстыратын республикалық тас жолы бойынан Қарабұтақта ғана бар. Одан кейін тек Лисаков қаласында ғана. Екі аймақтың арасы 400 шақырым. Сөйтіп, Қостанай-Қарабұтақ тас жолында Адаев ауылының тұсынан шиномонтаж ашуды ұйғарған. Бизнес жоспарын әзірлеп, кейін қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды. Шекаралас Ақтөбе облысына арнайы барып, континер сатып алды. Барлық қажетті жабдықтарға 9 миллиондай қаражат жұмсалды. Кейін бизнес-жоспар құрып, мемлекеттік бағдарламаға қатысып, 1 млн 446 грант ұтып алды. Толығырақ газеттен оқи аласыздар.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу