Кент қысқа сақадай сай екенін байқатты. Алғаш қар жауған күні барғанымызда түнде жауған қарды мердігер ұйым аршып жатыр. Кіре беріс жолдан бастап, шеткі үшінші айналма жолға дейін жол сайрап тұр.
Биылға кентте автожодар мен тротуарларды қысқы күтіп ұстауға алты млн теңгеден астам қаржы бөлінген.
“Мердігер ұйым жақсы болып тұр. Әлеуметтік нысандар, негізгі жолдар алдымен аршылып, халыққа қолайсыздық туғызбайды. Бұл бағытта бізде ешқандай мәселе жоқ. Жоспарлы жұмыстарымыз рет ретімен орындалып жатр. Енді “Көше төбешігін” дайындау және орнату бойынша бір жобамыз бар. Құны екі млн теңгеден асады. Сондай-ақ, кент аумағында автобус аялдамаларын дайында және орнату ісі тұр. “Ярошенко” ЖК-мен жалпы құны 6 608 000 теңгеге осы жұмысты істесек дейміз. Мұның сыртында 810 мың теңгеден астам қаржыға жол белгілерін жасап, орнатамыз. Көлік тұрақтардын жасау да назарымызда”, – дейді кент әкімі Мәдина Райымбекова.
Сералы МЫРЗАБАЙ