Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 11 жүргізуші ұсталған. Солардың бірі, Volkswagen көлігін басқарған 46 жастағы Арқалық тұрғыны мас күйінде көлік тізгіндеген. Осы әрекеті үшін ол 7 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.
11 адам автокөлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарған, ал 8 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылған. 97 жүргізуші рұқсат етілген жылдамдықтан асырса, 67-сі маневр жасау ережелерін бұзған. 44-і бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен, 57 жүргізуші рөлде телефонмен сөйлесті, 121 жүргізуші қауіпсіздік белдігін пайдаланбаған.
Осы бұзушылықтардың барлығы ірі жол-көлік оқиғасына алып келуі мүмкін еді.
Жолдың рұқсат етілмеген жерінен өткені үшін 152 жаяу жүргінші жауапқа тартылды.
Көлік тұрағы ережесін бұзғаны үшін 30 көлік арнайы автотұрақтарға жіберілді.
Сонымен қатар, операция барысында жүргізушілердің өзгелердің тыныштығын бұзу дерегі тіркелді.
Мәселен, 10 жүргізуші, оның ішінде 4 такси жүргізушісі қоғамдық орындарда азаматтарды қорлағаны үшін полицияның назарына ілікті. Мысалы, 9 қазанда Қостанайда 26 жастағы Kia автокөлігінің жүргізушісі өзінің такси қызметін ұсынып, өтіп бара жатқан адамдардың мазаларын алды.
Бұл күндері ауа райының нашарлауы жағдайында қатты жел, боран және көктайғақ салдарынан республикалық маңызы бар 4 автожол жабылды. Полицейлер қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмыс істеді.
Белсенді жұмыстың мысалы ретінде патрульдік полиция қызметкерлері Жітіқара мен Тобылдан келе жатқан мүгедектігі бар балалар мінген автобусқа жол бастап жүрді. Олар облыс орталығына бейімделген жүзу жаттығуларына жеткізілді.
“Алтын Жүрек” қоғамдық ұйымының өкілдері полицейлерге қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектескені үшін алғыс айтты.
Қостанай облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға, жолдарда мұқият және сақ болуға, сондай-ақ төтенше жағдайларды болдырмау үшін ауа-райының өзгеруін мұқият бақылауға шақырады.