Бұл – осындай атаумен танылған журналистерді қолдау қоры. Жаз бойы тыным көрмей Ақтөбе, Павлодар, Қостанайдағы қолына қалам ұстаған тілішілердің басын қосып, семинар ұйымдастырған еді. Екі күн бойы дата журналистика мен жасанды интелектің игілігін түсінген өңір тілшілері арнайы жоба жазып, қорытынды байқауға жолдады. Алматыда өткен фестиваль аясында жеңімпаздар анықталып, Қостанайдан барған топқа бас жүлде бұйырды.
«Мінбер» қорын елімізге әйгілі ERG компаниясы қаржыландыратынын еске сала кетейік.
Дата журналистика мен жасанды интелект жайында терең білім, мол мәлімет беріп жөн сілтегендердің арасында белгілі журналист Есенгүл Кәпқызы, танымал медиатренер Асхат Еркімбай, жүйрік журналист Елнұр Әлімова бар.
«Біз Балауса, Қайрат үшеуміз бір топпен жұмыс істедік. Таңдаған тақырыбымызға қатысты мақала жаздық әрі оның бейне нұсқасын жасадық. Ол мақала облыстық «Қостанай таңы» сайтына шықты. Астана телеарнасындағы «Сарап Таймс» деген бағдарламасы арқылы да жарық көрді. Сол материалды қазылар үздік деп танып, бас жүлде берді», – дейді қостанайлық жеңімпаз топтың жетекшісі Заңғар Санай.
Бас жүлде иегерлері Қостанай облысында онкологиялық дерттің өршуіне байланысты зерттеу жасады. 14 жұмыстың ішінен сарапшылар төртеуіне жүлде берді. Төртеуі ынталандыру сертификаттарына ілікті. Солардың арасында Сарыкөл ауданынан қатысқан жерлесіміз Руслан Әлкеев те марапатталды.