Кеше Қостанай облысында температураның төмендігімен қар мен жаңбыр араласып, жауын-шашын басталды. Бұл жолдарда мұздың пайда болуына әкеліп, жол қызметтерінің шұғыл әрекет етуін талап етті.
«ҚазАвтоЖол» АҚ ҰК Қостанай облыстық филиалы қар мен мұзды тазалау жұмыстарын жедел бастады.
Сонымен қатар, мұздың пайда болуын болдырмау үшін құм-тұз қоспасын шашу жұмыстары жүргізілді. 40-тан астам арнайы қысқы техника тартылды, бұл республикалық автожолдардағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
“Жол қызметтерінің сәтті жұмысының арқасында қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ. Жүргізушілерге жолдарда сақтық таныту және ауа райы жағдайларын ескеруді сұраймыз”, – дейді мамандар.
Егер сізге көмек немесе ақпарат қажет болса, тәулік бойы 1403 Колл-орталық нөміріне қоңырау шала аласыз немесе Қостанай облысының республикалық маңызы бар автожолдар диспетчерлік қызметіне хабарласа аласыз.