3 июня, 2025
Қостанайда насыбай мен снюстың ірі партиясын жеткізушілердің жолы кесілді

Қостанайда насыбай мен снюстың ірі партиясын жеткізушілердің жолы кесілді

Полиция қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен Шымкенттен сауда базарларының біріне жүкті заңсыз жеткізген 37 жастағы ауыр жүк көлігінің жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Қостанай облысы Полиция департаменті.

Тінту барысында полиция қызметкерлері салмағы бір жарым тоннаға жуық 50-ден астам қорапты тәркіледі. Қораптардың ішінде снюс және бірнеше түрі бар насыбай болған.

«Жүк қапшыққа салынған пияздардың арасында мұқият жасырылған, бұл қылмыстық схеманың ұйымдастырылуының жоғары деңгейін көрсетеді. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», – деп жазды ПД баспасөз қызметі.