Қала әкімі Марат Жүндібаев облыс орталығының тұрғындарын, мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлерді, мекеме-ұйым қызметкерлерін, БАҚ өкілдерін жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысуға шақырады.
Қостанайда 1 сәуірде екі айлық санитарлық тазалық күні жария етілген болатын. Шаһар басшысы аппарат отырысында жаппай сенбілік 6 сәуірде, бейсенбі күні өтетінін айтты. Ол қаланың барлық
“Біз сенбілікке бір кісідей шығуымыз керек. Бірлікті істе кімнің қай жерде жұмыс істейтіні маңызды емес. Қаламызды тазалауға біріміз қалмай атсалысуымыз қажет. Бұл мәдениеттілік белгісі. Өскелең ұрпаққа да осылайша өнеге көрсете аламыз”, деді М.Жүндібаев.
Тазалық іс-шарасы 10:00-18:00 аралығында өтеді. Сенбілікті аяқтаған соң Ikomek орталығына 109 нөмірі бойынша хабар беріп, қоқыс жиналған мекенжайды айту қажет. Одан әрі мердігерлер қоқыс-қалдықты полигонға шығарумен айналыспақ.