Скутерді мас күйінде басқарып, полицияға ұсталған құқықбұзушыны сот 15 тәулікке қамауға алып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасын тағайындады.
Естеріңізге сала кетейік, 21 жастағы қостанайлық өзінің туған күнін атап өтіп, мас күйінде көлік құралын басқарған. Полиция оны қаланың қиылыстарының бірінде қауіпті маневр жасағаннан кейін тоқтатты.