Батыржан Кенжетаев атындағы Новонежин орта мектебі ғимаратының техникалық сараптамасының қорытындысы жарияланды

Батыржан Кенжетаев атындағы Новонежин орта мектебі ғимаратының техникалық сараптамасының қорытындысы жарияланды

Әулиекөл аудандық білім бөлімі қыркүйек айының басында «ПромТехЭксперт» ЖШС мен Батыржан Кенжетаев атындағы Новонежин орта мектебі ғимаратын техникалық сараптау жұмыстарын жүргізу туралы келісімшарт жасасты.

Аудан әкімдігі хабарлауынша, жүргізілген сараптама нәтижесінде мектептің құрылыс конструкцияларының (фундамент, сыртқы қабырғалар, төбе плиталары) құрылымдық элементтерінің қанағаттанарлықсыз жағдайда екені, ақаулар мен зақымданулардың бар екені анықталды.

Конструкциялардың құлауы 2-қабаттың кірпіштен жасалған аралық қабырғасы терезе төсеніштерін демонтаж процесінде опырылған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, құрылыс конструкциясы (негізгі аралық қабырғалар мен тірек бағандардың) о бастан дұрыс жүргізілмеген.

«ПромТехЭксперт» ЖШС кірпіштен жасалған аралық қабырғаларда анықталған типтік ақауларға байланысты аралық қабырғалар мен тірек бағандарды нығайту үшін қосымша күшейтуді ұсынды.

Аудандық білім бөлімі ғимаратты нығайту бойынша қосымша құрылымдық шараларды әзірлеу жұмыстарын жүргізеді.

Батыржан Кенжетаев атындағы Новонежин орта мектебінің барлық оқушылары штаттық режимде оқуға көшірілгенін атап өткен жөн.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу