Жолдардағы дыбыстық жолақтар туралы не білеміз?

Жолдардағы дыбыстық жолақтар туралы не білеміз?

Соңғы жылдары дыбыстық жолақтар жол қауіпсіздігін жақсарту мақсатында жиі қолданылатын құралға айналды. Жүргізушілерге ықтимал қауіп туралы ескерту үшін жасалған бұл арнайы конструкциялар көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да қолданылады. Тәртіп сақшылары осы жолақтар қауіпсіздікті қалай арттыратыны жайында және апатты қалай алдын алатыны туралы тұрғындарға ақпарат берді.

Дыбыстық жолақтар дегеніміз не?

Олар жол жиектерінде немесе жолақтардың бойында орналасқан жол жабынының арнайы ойық немесе дөңес бөліктері. Автокөліктің осындай жолақтармен өтуі кезінде жүргізушілерге жолға назар аудару үшін сигнал ретінде қызмет ететін ерекше дыбыс пайда болады.
Бұл жолақтар жүргізушілердің ұйықтап қалу қаупі бар жерлерде немесе апат қаупі жоғары жерлерде тиімді қолданылады.

Олар қалай жұмыс істейді?

Жолақтар дыбыстық сигнал ретінде жұмыс істейді. Көліктің дөңгелегі ойық бетке тигенде, жүргізушіге естілетін дыбыс шығады. Бұл концентрацияның жоғалуын және рөлде отырған кезде ұйықтап қалуды болдырмауға көмектеседі. Мұндай шаралар әсіресе жүргізушілер қырағылығын жоғалтуы мүмкін жолдардың ұзын, түзу учаскелерінде өте маңызды.

Қолдану мысалдары.

Қостанай облысында Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастамасымен республикалық және облыстық жолдарда дыбыстық белдеулер белсенді түрде орнатылуда.

Мысалы, жоғарыда аталған жолақтар А-22 “Қарабұтақ-Комсомол-Денисов-Рудный-Қостанай” Республикалық маңызы бар жолының 405-404 шақырымында тікелей учаскесінде орнатылған.

Сондай-ақ, жаңашылдықтар 466 және 609 км-дегі М-36 және Р-36 автожолдарына да орнатылды. Онда дыбыстық жолақтары қолданылып, сары белгілер жаңартылды.

Жолдың екі жағындағы асфальт төсемінде “максималды жылдамдықты шектеу” және “басқа қауіптер”туралы ескертулері бар трафареттер пайда болды. Бұл шаралар жүргізушілердің назарын аударуға және ықтимал қауіпті учаскелерде олардың қырағылығын арттыруға бағытталған.

Айта кетейік, әкімшілік полиция қызметкерлері жыл басынан бері 3000-ға жуық жол тексерулерін жүргізіп, анықталған кемшіліктерді жоюға көптеген нұсқамалар берді.

Полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларын барынша мұқият және ұқыпты болуға шақырады. Жылдамдық режимі мен жол қозғалысы ережелерін сақтау барлық адамдар үшін қауіпсіздік кепілі болып саналады.

Жаңалықтармен бөлісу