Қасымхан Алдабергенов 1925 жылықыркүйекте Қамысты ауданы Талдыкөл ауылында туған.Соғысқа 1943 жылы Жітіқара аудандық әскери комитеті Кеңес Армиясының қатарына шақырылды. Әскери атағы – гвардия старшинасы. Екінші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін» және мерекелік медальдармен марапатталған.
1945 жылғы ең қатал ұрыстарға түсіп, 2 және 3-ші Украина майдандарында шайқасты. Венгрия, Австрия, Чехословакияны азат етуге қатысты. Ол жеңісті Чехословакияда қарсы алды.
1950 жылы Қ.Алдабергенов елінеоралды. Келген соң Жітіқара ауданы Шевченко ОМ мұғалім болды. Ұстаздық қызметте жүріп, көркемөнерпаздар үйірмесін құрды.
1959-1979 жылдары облыста алты рет ақындар айтысы өткен, сонда Жітіқара ауданының намысын қорғап, төрт мәрте бірінші орын алған. 1980 жылы респбуликалық айтыста Қостанайдың намысын қорғады. Советтік Қазақстанның 40 жылдығы айтысының жеңімпазы (1961 ж).
1971 жылдың тамыз айында облыстық «Коммунизм таңы» (бүгінде «Қостанай таңы») газетіне қызметке шақырылып, жиырма жылдан артық табан аудармай еңбек еткен. Ұзынкөл-Меңдіқара, кейін Әулиекөл-Науырзым аудандарында меншікті тілші қызметтерін абыройлы атқарды.
Майдангер осыдан бірнеше жыл бұрын архив ақтарып, 1937-1947 жылдардағы газет беттерін парақтады. Осы еңбегі «Қостанай таңының» 100 жылдығына орай «Жылдар, деректер, сырлар» деген атпен кітап болып басылып шықты.
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. 1983 жылы қазақ телевизиясының «Алтын қорына» дауысы жазылып алынды, онда 50 минут бойы жырлаған.
2018 жылы «Мәдениет салысының үздігі» төсбелгісі табысталған.
2020 жылы «Қостанай облысының құрметті азаматы» атағы берілді.
2024 жылы «Қазақстанның құрметті журналисі» атанды.
Салтанатты кеш І Омаров атындағы қазақ драма театрында 11:00-де өтеді.