Назарбаев даңғылындағы азық-түлік дүкендерінің бірінің жалға алушысы уәкілетті органдардың келісімінсіз автотұрақ орындарын кеңейтіп, қосымша кіру орындарын жасамақ болған.
Облыстық ПД мәліметінше, жол жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшылар жасыл желектер мен жол төсемдеріне зақым келтірген.
Полицейлер 41 жастағы жергілікті кәсіпкерді әкімшілік кодекстің үш бабы бойынша бірден әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ол жолдың зақымдануы, жолдарда жұмыс жүргізу талаптарының орындалмауы және қала аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін кінәлі деп танылды.
Жасыл желектерге келтірілген залалды өтеу үшін Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімі сотқа талап-арыз береді.