Әулиекөл ауданының Новонежин ауылындағы Б. Кенжетаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары биылғы маусымда басталған. Мердігері «ПКФ ГРЕНАДА» ЖШС – не құрылысты аяқтау мерзімін кешіктіргені үшін наразылық жолданды.
Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану үшін сотқа материалдар дайындалып жатқаны хабарланды.
Нысанға білім басқармасының, облыс әкімдігі мен Әулиекөл ауданының өкілдері бірнеше рет барған.
Білім басқармасының басшысы Айман Ибраева білім ордасына барып, оқушыларды қашықтан оқытуға ауыстыру туралы мәселе қаралды.
“Өкінішке қарай, 7-қыркүйекте үшінші қабаттың қабырғасының бір бөлігі құлады. Бұл кезде мектепте балалар мен мұғалімдер болмағандықтан, зардап шеккендер жоқ. Жергілікті жерде комиссия жұмыс істеп тұр, қысқа мерзімде техникалық тексеру жүргізіліп, қорытынды шығарылады. Кінәлі адамдар жауапқа тартылады. Оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылды”, – делінген ресми мәлімдемеде.