Қостанайлықтар Сенаттың кіші кубогын иеленді 

Қостанайлықтар Сенаттың кіші кубогын иеленді 

Қостанай облысының өкілдері Астанада өткен «Senat Open» шахмат турнирінің финалдық кезеңінде табысты өнер көрсеткенін қуанышпен хабарлады.

“Бұл маңызды турнир Парламент Сенатының қолдауымен және Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастыруымен өтті. Төрт ай бойы өткен жарыс еліміздің барлық өңірлерін қамтыды және біздің командамыз үйге лайықты марапаттармен оралды. Біздің қатысушыларымыз өздерінің жоғары шеберліктерін көрсетіп, алтын медальдар мен Сенаттың Кіші Кубогын жеңіп алды. Бұл жетістік – үлкен еңбек пен табанды дайындықтың нәтижесі”, – деп жазды облыстық мәслихаттың төрағасы Сайлаубек Ещанов әлеуметтік желідегі парақшасында.

31 тамызда Астанада өткен финал 9 турдан тұратын швейцарлық жүйе бойынша өткенін айта кетейік.

Бұл жеңіс тек шахмат спортының дамуына үлес қосып қана қоймай, біздің өңірдің намысын қорғауда да маңызды қадам болды.

Жаңалықтармен бөлісу