«Тобыл» футбол клубының спорт директоры лауазымына Данияр Мұқанов тағайындалды деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Данияр Жексенұлы қостанайлық жанкүйерге өте жақсы таныс. Мұқанов 2002 жылы футболшы ретінде сары-жасылдар сапына қосылды. Қорғаушы «Тобылдың» ғасыр алмасар тұсынтағы сәтті өнерінің бірден-бір куәсі.
– «Сары-жасылдар» жейдесінде Мұқанов 264 матч өткізіп, 8 гол соқты, чемпионаттың жеті медалі мен алтынын иеленді, Қазақстан Кубогін жеңіп алды. Маусым қорытындысы бойынша ҚПЛ үздіктер құрамаына бес рет кірді(2003, 2005, 2006, 2008, 2010), – деп сипаттайды “Тобыл” футбол клубының өкілдері.