Келер оқу жылы да жақындап келеді. Президент мемлекеттік тілді дамыту мектеп қабырғасынан басталуы керектігін талай жерде айтып жүр. Мәселенің түйінін Сарыкөл ауданында болған тілшіміз Әлібек Ыбырай тарқатып көрді.
Өкінішке қарай, ақын Қ. Мырзалиевше тәпсірлесек, облыстың кей ауданында “өзге тілдің бәрін білгенмен, өз тілін құрметтеу” жағы әлі кемшін. Бұған бірыңғай, баланы кінәлау артық. Өйткені, оны кішкентай кезінен қай тілге бейімдесе де, еркін меңгеріп әкетеді. Көп жерде қазақ тілін оқыту туралы сөз қозғала қалса, мектептердің білім беру сапасының төмендігін, ондағы материалдық-техникалық базаның әлсіздігін, басқа да жағдаятты алға тартады. Шынында солай ма? Мүмкін, бұған жергілікті атқарушы билік көз жұма қарап отырған шығар, әлде орыс тілді ата-аналар өз тіліне “мұрын шүйіре” қарай ма? Ол туралы газеміздің келесі санынан оқи аласыздар.