Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы

Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы

Фурманов жалпы білім беретін мектебінде «Жаңартылған білім беру аясында қазақ тілі мен әдебиетін ұлттық құндылықтар негізінде оқыту жолдары» тақырыбында қалалық семинар болып өтті. Басты мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби дамуы жолында ұлттық құндылықтар негізінде оқытудың тиімділігін арттыру. Ұлттық құндылықтарды жаңғырту, оқушылардың бойындағы елжандылық сезімін ояту және туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату.

Аталмыш іс-шара тіл мамандарын тіркеуден басталып, мектебіміздің директоры Раушангуль Идрисовна мен қалалық білім бөлімінің әдіскері Жұлдызай Мұратәліқызының құттықтау сөзімен жалғасын тапты. Арқалық қаласы білім бөлімінің Фурманов жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әсел Нұрмұханова 8 «А» сынып оқушыларымен Ж.Сахиев «Дабыл» әңгімесінің жаңашылдығы тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар өз ойларын еркін айтып, ұлттық ойынға белсене қатысты.

Арқалық қаласы білім бөлімінің Восточный жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Исмагулова Аклима Айтугановна 7 «А» сынып оқушыларымен «Қиял-ғажайыптар әлемі» тақырыбындағы ашық сабағында ұлттық құндылыққа қатысты бірнеше әдіс-тәсілді ұтымды пайдаланды.

5 «А» сынып оқушыларымен Қос- танай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Ә. Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәннің мұғалімі Досова Самал Сабитовна «Нағыз әже қайда?» тақырыбында ашық сабағын көрсетті. Сабақ соңында оқушыларға нағыз әженің бейнесін көрсету мақсатында арнайы қонақ ұйымдастырылды.

Бірінші сабақтан кейінгі үзілісте семинарға қатысушылар ардагер ұстаз Қалдыбай Сухановтың қолөнер көрмесімен танысты. Арқалық қаласы білім бөлімінің Сарыөзен жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ильясова Аңсаған 7 «Б» сыныбымен Т.Әбдіктің «Қонақтар» әңгімесі тақырыбында қызықты ашық сабақ өткізді. Оқушылар әңгімені талдай отырып, ұлттық мұраны, халық салт-дәстүрі мен ата жолды ұстануды ұмытпау керектігі жайында ой қорытындылады.

Фурманов жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гульнар Байтурина 11«А» сыныбымен С.Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасы тақырыбында ашық сабақ өткізді. Комедия арқылы заманның жағымсыз тұстарын айқара ашып, арпалысқа түскен ел өмірін, қоғам мәселесін бейнелейді. Оқушылар өз ойларын еркін айтып, ашық сабақты тың деректермен жандандыра түсті.

Арқалық қаласы білім бөлімінің А.Майкөтов атындағы негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанаргуль Абишева «Университеттік кітапханалар» тақырыбында 6 «А» сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді.

Ары қарай ұлттық ойындармен жалғасыты. Мектебіміздің дене шынықытыру пәнінің мұғалімі Бейбітгүл Сүттібаева «Бестемше» ойынының мақсаты мен тиімді тұстарын түсіндірді. Семинарға қатысушылармен қызықты да тартысты ойын болды. Ұрпақтар сабақтастығымен ауыл жастары қонақтарымызға «Көкпар» ұлттық ойынының ережесімен таныс- тырып, бірнеше элементтерін көрсетіп өтті.

«Білімдіге дүние жарық» тақырыбындағы семинарды қорытындылайтын концерттік бағдарламаға жиналып, ұстаздардың алған әсері мен сабаққа кері байланысы айтылды. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.

Нұргүл ТҰЯҚОВА,

Фурманов ЖББМ оқу ісінің меңгерушісі.

Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу