«ТАБИҒАТ ТАЗАЛЫҒЫ – ҰЛТ САУЛЫҒЫ»

«ТАБИҒАТ ТАЗАЛЫҒЫ – ҰЛТ САУЛЫҒЫ»

Красный Кордон ауылында «Табиғат тазалығы – ұлт саулығы» атты облыстық көшпелі семинар өтті. Іс-шараны ұйымдастырған Л.Толстой атындағы облыстық әмбебапғылыми кітапханасы мен Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі онда экологиялық тәрбиенің өзекті мәселелерін талқылау үшін облыстық, қалалық және аудандық кітапханалардың басшылары мен кітапханашылары жиналды.

Қатысушыларды тіркеуден басталған семинар кітапханашы Т.Жиляева өткізген Краснокордон ауылдық кітапханасына экскурсиямен жалғасты. Кітапханада семинарға қатысушыларды дәстүрлі кітап көрмелері ғана емес, интерактивті көрмелер де күтіп тұрды.

Семинар Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.а. Д.Әбденованың сөз сөйлеуімен ашылды. Ол іс-шараның бағытын белгілеп беріп, болашақ ұрпақ үшін табиғатты қорғаудың маңыздылығын атап өтті.

«Аманат» партиясы Алтынсарин аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Қасымов Қостанай облысының әрбір тұрғынын экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесін қосуға шақыратын TazaLike жобасы туралы ақпаратпен бөлісті. «Neco» ЭКО клубының басшысы Н.Бірмағамбетов ормандардың, су ресурстарының ағымдағы жай-күйі және қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Л.Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК» КММ кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері Г.Елеуова облыстық ОКЖ-нің халықты экологиялық ағарту жөніндегі жұмысына талдау жүргізіп, үздік тәжірибелер мен жетістіктерді атап өтті. Содан кейін кітапханашы Т.Жиляева ұсынған «Жер саған да, маған да керек: кітапханадағы экологиялық тәрбие» және кітапханашы Е.Короткова бөліскен «Біз үлкен және әдемі әлемде тұрмыз» сияқты нақты жобалар мен бастамалар тыңдалды. Науырзым ОКЖ балалар аудандық кітапханасының меңгерушісі С.Қайырбекова және Ұзынкөл ОКЖ кітапханашысы Л.Боздақова Науырзым және Ұзынкөл аудандарындағы өз кітапханаларының жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, экологиялық білім берудегі инновациялық тәсілдердің маңыздылығын атап өтті.

Күннің екінші жартысы практикалық сабақтарға арналды. «Бүркіт» мектеп орман шаруашылығының жетекшісі В.Фунтикова «Туған өлкенің орман жолы» экологиялық соқпағы және орман шаруашылығы бойынша «Біздің жердің ЭКО-әлемі» экскурсиясын өткізді. Алтынсарин ОКЖ әдіскері Е.Жукова экологиялық тимбилдинг ұйымдастырып, жиналғандарды табиғаттың бір бөлігі ретінде сезінуге және оны қорғау ісіндегі командалық жұмыстың маңыздылығын түсінуге жағдай жасады. Семинар кітапханашы О.Щигарцева ұйымдастырған «Лесовичка қонаққа шақырады» эко-шайымен аяқталды. Қорытындысында кітапханашылар мұндай іс-шаралардың экологиялық сананы дамыту және халықты тәрбиелеу үшін қаншалықты маңызды екенін түсінді. «Табиғат тазалығы – ұлт саулығы» кітапханалардың білімді таратып қана қоймай, оны іс жүзінде жүзеге асыра отырып табиғатты қорғау ісіне белсенді қатыса алатынын және қатысуы керек екенін көрсетті. Әріптестер өз жұмыстарының маңызды екеніне және бірлесе қимылдаса, әлемді жақсарта және тазарта алатындарына сенімді болып тарасты.

Г.ЕЛЕУОВА,

«Л.Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК» КММ Кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері

Жаңалықтармен бөлісу