Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев елдегі жолдардың жай-күйі туралы баяндады.
Биыл Қазақстанда жалпы қолданыстағы 12 мың шақырым жол, оның ішінде 8 мың шақырымы республикалық, 4 мың шақырымы жергілікті маңызы бар жол құрылысымен және жөндеумен қамтылғаны атап өтілді.
«Жыл қорытындысы бойынша 7 мың шақырымға жұмысты аяқтау жоспарланып отыр, атап айтқанда, Алматы – Қарағанды, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Атырау – Астрахан және Мерке – Бурылбайтал жолдарының I және II техникалық санатқа ауыстырылып, учаскелерінде жұмыстар аяқталады. Жалпы, қабылданып жатқан шаралар жол қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді», — деді Марат Қарабаев.