2024 жылдың бірінші жартыжылдығында СИМ Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің қызметкерлері қазақстандықтардан 24 441 өтінішті қарады.
Кәсіпкерлік субъектілеріне 570 тексеру жүргізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 620%-ға артық. 648 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 есе көп. Іс-қимылдар нәтижесінде 777 млн теңгеден астам сомаға тұтынушылардың құқығы қорғалды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 189%-ға артық.
«Сапалы Өнім» жобасы өнім сапасына және тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған. Тұжырымдама азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, соның ішінде олардың кедергісіз қорғалу құқықтарының кепілдендірілген сақталуына бағытталған. Зерттеуге сүт, кілегей, айран, май, күнбағыс майы, сүзбе, ірімшік, құс еті, балық еті және шұжық сияқты 681 өнім түрі кірді.
26 қоғамдық бірлестік бүкіл ел бойынша импорттық өнімге іріктеу жүргізді. Өнімнің 405 түрі бойынша бұзушылықтар анықталды: таңбалау және құрамы бойынша сәйкессіздіктер, жарамдылық мерзімі өткен сату, қажетті құжаттардың болмауы.
203-бап (құжаттарсыз сату) және 425-бап (санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзу) бойынша 139 әкімшілік акт жасалды.