Қостанайда жүк көліктерінің бөлшектері шығарылады

Қостанайда жүк көліктерінің бөлшектері шығарылады

Қостанайдағы инвестфорум аясында қонақтарға KamLit KZ зауытының жұмысы таныстырылды. Зауыт келер жылы толық іске қосылады.

«Құрылыс монтаждау жұмыстары биыл аяқталды деп жоспарланып отыр. Инженерлік желілері толық орнатылды. Бірнеше бөлімдеріміз алдағы тамызда интенсивті монтаждау жұмыстарына дайын», – деді зауыт директоры Дмитрий Гуртовой.

Өндіріс орны 74 редуктордан құралған. Жобаның жалпы құны 82,5 млрд теңгені құрайды. Зауыт іске қосылған күнде үш ауысымда 550 адам жұмыс істейтін болады.


Өндіріс орының негізгі бағыты – ауыр жүк көліктерінің деталдарын шығару. Жалпы алаңы 24 мың шаршы метр аумақты алып жатыр.

«Зауыттың бірқатар бөлімдеріне неміс станоктары келді. Еуропадан мамандар алынды. Жинақтау бөлімдеріне итальяндық фирманың өнімдерін алуды құптап отырмыз», – дейді зауыт директоры.

Жаңалықтармен бөлісу