Қазақстандық оқушылар IMO-2024 халықаралық математикалық олимпиадасында бес медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар IMO-2024 халықаралық математикалық олимпиадасында бес медаль жеңіп алды

Ұлыбританияда өткен 65-ші Халықаралық математика олимпиадасында Қазақстан құрама командасының қоржыны тағы бес медальмен толықты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Динмухамед Егеубаев мақтау грамотасына ие болды.
Қазақстан командасының құрамында Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Шарел Марғұлан, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Амирлан Аманжолов, Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Мирон Юркевич, Қостанай облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Жан Даутов, Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Владимир Роговскийлер болды.
Айта кетейік, IMO математикадан Халықаралық олимпиада әлемдік топ-7 олимпиадалардың (IPHO, IBO, IOI, IChO, IGeO IOL) қатарына кіреді.

Жаңалықтармен бөлісу