Бүгін өңір басшысы Құмар Ақсақалов облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жаңа басшысын таныстырды.
Басқарма басшысы болып Ілиясхан Әмірбеков тағайындалды.
Ілиясхан Шах-сұлтанұлына бұл ұжым жақсы таныс. Бұған дейін басқармада бас маманнан басшының орынбасары лауазымына көтерілді. Соңғы бес жылда бірнеше бөлімдерді басқарды. Ол бұл қызметке Қостанай ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысынан ауысып келіп отыр.