ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тақаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасына діни бірлестік өкілдері қолдау көрсетті. Олар өздерін белгілі діни ағымның өкілі ретінде емес, Қазақстан азаматы ретінде үлес қосқандарына қуанышты.
«Елдің ішіндегі барлық жағдайға, қоғамдық тәртіпке, тазалыққа жауапкершілік әркімнің өзінен басталатынын түсініп, бағдарламаға қолдау көрсетіп жатырмыз. Ең бастысы, бұл жерде елдің бірлігін нығайтатын адамдар осы бастаманы сөзбен ғана емес іспен көрсетіп жатқаны құптарлық дүние. Бұл бастама әлі де жалғасын табыды деп сеніміз», – дейді облыстық діни істер басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.
Бағдарламаға қатысушылар Коморв көшесінің бойындағы алеяны Алтынсарин көшесінен бесіншінші декабр көшесіне дейін толық тазартып шықты.
«Жалпы еліміз бойынша жарияланған «Таза Қазақстан» бағдарламасына дін қызметкерлер де қалыс қалмай, өзіміздің үлесімізді қосып жатырмыз. Тазалық дінімізде көрнекті тақырыптардың бірі. Тазалық иманның жартысы десек, дүниеге келгеннен кейін адамның ең маңызды ісі ол иманды болуы. Тазалық сол имандылыққа итермейлейтін болса, оған біз қатты көңіл бөліуіміз керек»,
– деп ой бөліскен облыстың бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет барша халықты, барша қала тұрғындарын шаһардың қоғамдық жерлерін таза ұстауға шақырды.
«Қала басшылығы қоқыс жинайтын жәшіктерді молырақ қойса деген тілегіміз бар», – дейді бас имам.
Бағдарламаға қатысқандардың арасында жасы да жасамысы да бар. Айтмағанбет Спанұлы облыстық мешітінің қызметкері Мұхамедғали Көбейев аға буыннан үлгі алып, бір мезгіл қоршаған ортаның тазалығына зер салғанды құп көреді.
«Қаланың тазартылмаған аумағын басшылық сұрап алып, іске кірісіп жатқан жаымыз бар. Жұмыс бір ғана сенбілікпен тоқтап қалмайды деп ойлаймын. Тұрған жеріміздің ластанбауы өзіміз үшін жасалып отырған дүние. Жалпы бағдарлма жақсы жүзеге асып жатыр», – дейді Мұхамедғали.
Айбек ЖҮЗБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков