Соңғы уақытта алаяқтардың облыс әкімі, әкімдік өкілдерінің атынан әлеуметтік желілерде жалған парақшалар ашып, немесе WhatsApp, Telegram мессенджерлері арқылы лауазымды тұлғалардың атын жамылып, тұрғындардың қаржысын жымқыру фактілерінің жиілегені жайлы ақпарат тарауда. Осыған байланысты облыс әкімдігі тұрғындарға ескерту жариялады.
«Күмәнді сілтемелер арқылы сенімсіз сайттарға өтпеңіздер, тексерілмеген аккаунттарға сенбеңіздер. Ешкімге де қаржы аудармауларыңызды сұраймыз. Көңілге сенімсіздік ұялататын жағдайларды байқасаңыз бірден құқық қорғау органдарына хабарласуларыңызды сұраймыз. Жақындарыңызға алаяқтардың осы әрекеттері жайлы ескертіп, оларды да қорғауға тырысыңыз. Алаяқтардан сақ болыңыздар!» – делінген ресми хабарламада.
