“Қауіпсіз жол” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы қайта жалғасады

“Қауіпсіз жол” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы қайта жалғасады

Өткен демалыс күндері полицейлер облыста 1200 ден астам жол қозғалысы ережелері бұзылғанын анықтады.

Облыстық ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Елена Магасумованың айтуынша қала сыртындағы трассаларда жол-көлік оқиғасы көбінесе жылдамдық асыру мен маневр жасау ережелерін сақтамаудан туындайды.

Мәселен, жыл басынан бері 5075 жылдамдық асыру дерегі, басып озу және маневр жасау ережелерін бұзудың 13 фактісі тіркелді.

Облыстық ПД жыл басынан бері 74 000 жол қолғалысы ережелерінің  бұзылғанын анықтады. 700-ге жуық жүргізуші көлікті  мас күйінде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Апаттылықты азайту және ЖКО алдын алу үшін 9 шілдеден 12 шілдеге дейін өңірде “Қауіпсіз жол” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтетін болады.

Жаңалықтармен бөлісу