Асыл тұқымды мал шаруашылығының өнімділігін  арттыруды субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Асыл тұқымды мал шаруашылығының өнімділігін арттыруды субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.  Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұдан былай агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін  агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнім көлемі,  яғни  тауарлары немесе қызметтері  ақшалай мәнде өсіп, сақталатын болады. Жаңа жылдан  бастап осы жағдайды  қамтамасыз етуді көздейтін қарсы міндеттемелер енгізіледі.

Жыл бойы қорада ұстау технологиясын қолданатын әрі азықтық базасы әлсіз Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстары сияқты құрғақшылық басым өңірлерде орналасқан сүт-тауар фермаларының аналық басы үшін қарастырылған төтенше жағдай  нормалары алынып тасталады. Субсидиялау жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлінген кезде жүзеге асырылмақ.

Субсидиялау процестерін цифрландыру және оңтайландыру шеңберінде тауар өндірушілерден қағаз түрінде талап етілетін құжаттар да алынып тасталды.

Бұл ережелер 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Жаңалықтармен бөлісу