ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Самұрық-Қазына» және Денсаулық сақтау министрлігі «Саламатты Қазақстан» пойызы жобасын іске асыруда. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметінен” хабарлады.
Жоба ең алдымен шалғай аудандар мен ауылдарда тұратын азаматтарды тексеруге және медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік көмек көрсетуге бағытталған.
«Былтыр 26 сәуір мен 5 желтоқсан аралығында пойыз 17 аймақтың 121 шалғай станциясымен жүрді. 90 мыңнан астам ауыл тұрғыны қамтылды», – деді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.