Президент қолынан “Шапағат” медалін алды

Президент қолынан “Шапағат” медалін алды

Су тасқыны кезінде Аманкелді ауданының жастары бірлік пен ерліктің озық үлгісін көрсетті. Олар туған жерін, халқын төтеннен келген апаттан жанкешті жұмыс жасап, сақтап қалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны кезінде жастардың еңбегін ерекше атап өтті.

Бүгін су тасқыны кезінде көзге түскен әр түрлі мамандық иелерін марапаттады. Солардың ішінде Аманкелді ауданынан механизатор Әбдісалық Мақсатбек Президент қолынан “Шапағат” медалін алды.

Әбдісалық “Аман су” коммунальдық мекемесінің механизаторы. Су тасқыны кезінде жан-жақты булдезермен бөгеп, апаттан аман алып қалған. Бүгінде Президент қолынан “Шапағат” медалін алып отыр.

“Аудан жастарының бойында елге, жерге деген патриоттық рухтың мықтылығы көрінді. Бірліктің арқасында қиын кезеңдер артта қалып, еңбегіміз еленіп жатыр. Ауданымызда еліміздің ертеңін тізгіндейтін жастарымыз баршылық”, – дейді Әбдісалық.

 

Жаңалықтармен бөлісу