Бүгінгі таңда әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі – азаматтарды қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету. Осы жылы облыс алдында тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткішін өткен жылмен салыстырғанда 5% – ға ұлғайту міндеті тұр. Бұл туралы өңірлік коммуникация алаңындағы баспасөз мәслихатында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Динара Ихласова айтып берді.
Барлық қаржыландыру көздері есебінен 500,0 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланды.
“Салынатын тұрғын үйлердің 14,8 мың шаршы метрі сатып алу құқығынсыз жалға берілетін болады. ЖАО облигацияларын шығару арқылы 93,3 мың шаршы метр кредиттік тұрғын үй, – 391,9 мың шаршы метр тұрғын үй-коммерциялық және жеке құрылыс салушылар есебінен жүргізіледі. Осы жылдың бес айында 175,1 мың шаршы метр тұрғын үй (1 825 пәтер) пайдалануға берілді. Оның 121,8 мың шаршы метрі көппәтерлі тұрғын үй”, – деп атап өтті басқарма басшысы.
Биыл кезекте тұрған адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Бейімбет Майлин ауданында 18 пәтерлі жалға берілетін үйдің құрылысы жалғасып жатыр. Облыс әкімінің бос тұрған ғимараттар мен құрылыстарға түгендеу жүргізуге қатысты тапсырмасын берген еді. ол жұмыстар соңғы екі жылда аяқталды. 6 ғимарат көппәтерлі тұрғын үйлерге айналып, бірқатарына қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді.
“Лисаков қаласындағы ғимараттың бір бөлігін жалға берілетін тұрғын үй-жайларға қайта жаңарту, Рудный қаласындағы 3 ғимаратты көппәтерлі тұрғын үйлерге қайта жаңарту, Жанкелдин ауданындағы балабақша ғимаратын тұрғын үй ретінде қайта құру, Науырзым ауданында көппәтерлі тұрғын үй ғимаратын қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Жылдың соңына дейін жалпы ауданы 23,2 мың шаршы метрді құрайтын көппәтерлі тұрғын үйлер үшін тағы сегіз ғимаратты қайта жаңартылады”, – деді спикер.
Мәселен Рудный қаласындағы 7 үй және Қамысты ауданындағы тұрғын үй ретінде бұрынғы қонақ үй ғимаратын қайта салу жоспарланған. Бұл тұрғын үй тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрған кезекте тұрғандарға берілетін болады.
“Халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты есебінен пәтер сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Соңғы үш жылда 238 пәтер сатып алынды. Биыл пәтер сатып алу бойынша осы жұмыс жалғасуда, осы мақсаттарға бюджет қаражатынан ЖАО кезекте тұрғандар Қостанай қаласында – 162 пәтер, Қостанай ауданында – 50 пәтер сатып алуға 4,5 млрд теңге көзделген”, – деді Динара Ихласова.
Халықтың қалың жігін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін биыл Қазақстанда Отбасы банкі іске асыратын екі жаңа “Отау“ және “Наурыз“ тұрғын үй бағдарламалары пайда болды. Бұл бағдарламалардың шарттары өте ұқсас. Спикер бағдарламалардың әрқайсысына толығырақ тоқталыпе өтті.
“Өздеріңіз білетіндей, наурыз айында жұмыс істейтін жастарды, Жас отбасыларды, Отбасы банкінің салымшыларын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған “Отау“ бағдарламасы басталды. Осы бағдарламаға тек жұмыс істеп тұрған салымшылар, тұрғын үйге кезекте тұрған, өтініш беру сәтінде кемінде 1 млн теңгеден кем емес жинақ сомасы бар, кемінде 18 ай мерзіммен Отбасы банкінде депозиті бар салымшылар ғана қатыса алады”, – деді ол.
Қостанай қаласында тұрғын үй сатып алу тек бастапқы нарықта, оның ішінде тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігімен салынып жатқан ТК-ға үлестік қатысу шарты бойынша ғана мүмкін болады. Басқа елді мекендерде бастапқы және қайталама тұрғын үйлерді жылдық 9% – бен 19 жылға дейінгі мерзімге 20% – дан бастап бастапқы жарнамен сатып алуға болады. Біздің өңір үшін ең көп қарыз сомасы–18 млн теңгеге дейін. 30 сәуірде осы бағдарламаға қатысу аяқталды. Оған біздің өңірден 357 адам тізімге енді. Қазіргі уақытта қатысушылар төлем қабілеттілігін бағалаудан өтеді. “Наурыз“ тұрғын үй бағдарламасы сәуір айында іске қосылды, өтінімдерді қабылдау мерзімі екі ай, 25 сәуірден 30 маусымға дейін. Бағдарламаға тұрғын үйге кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары, жұмыс істейтін жастар, жас отбасылар, тұрғын үй төлемдерін алушылар, Отбасы банкінің салымшылары, моноқалалардың, аудан орталықтарының және қоса алғанда 18–ден 63-ке дейінгі ауылдық елді мекендердің тұрғындары қатыса алады. Қатысу үшін Отбасы банкінде депозит ашу қажет (ол болмаған жағдайда), бұл ретте депозит мерзімі маңызды емес. Жинақ шотында кемінде 1 млн теңге болуы керек, соманы өтініш берер алдында бір мезгілде енгізуге болады. Несиелеудің негізгі шарттары “Отау“ бағдарламасымен бірдей. Сондай-ақ, ағымдағы жылы жұмыс істейтін жастарға арналған Отбасы банкі арқылы “Қостанай жастары“ өңірлік бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Бағдарламаға 18 жастан 34 жасқа дейінгі қызмет саласына қарамастан, барлық жұмыс істейтін жастар қатыса алады. Іске асыру басталғаннан бері 1,7 млрд. теңге сомасына 126 қарыз берілді.
Айбек ЖҮЗБАЙ