Қостанайда Бадминтоннан жасөспірімдер арасында республикалық гимназияда өтіп жатыр

Қостанайда Бадминтоннан жасөспірімдер арасында республикалық гимназияда өтіп жатыр

Бұл  жарысты қостанайлық  Артем Потапов пен Назым Мәмбетованың жұбы тамаша бастады. Олар облыстық, республикалық біріншіліктердің жүлдегері.  Жуырда еліміз бойынша өткен сында қола жүлдемен оралған. Бүгін де алғашқы кезеңде жамбылдық жұптан айласын асырды.

Жамбыл облысы Шу ауданынан  келген Нұрберген Әбіштің шәкірттері  гимназиядада алғаш рет бақтарын сынап отыр.

«Бұрын балаларымды үстел теннисіне  дайындап келдім. Өзім осы спорт түрінен спорт шеберімін. Дегенмен, шәкірттерімнің биыл бадминтоннан да аяқ алысы жақсарып қалды. Қарап тұрсақ, ойын түрі  тенниске де, волейболға да қатты ұқсайды. Бұл біріншілік олар үшін алғашқы сынақ. Мұндай ойындардың балаға пайдасы зор», – дейді Нұрберген.

Қостанайлық бапкер Сәуле Бегайдарқызы  шәкірттерін бұл сынға үш күн үзбей дайындағанын айтып отыр.

«Біздің өңірден гимназиядаға үш команда қатысуда. Жауапты дайындықтың алдында үш күн тер төгуге тура келді. Нәтижесі, көріп тұрғандарыңыздай жаман емес. Олардың арасында құрама команданың ойыншылары да бар», – дейді Сәуле Бегайдарқызы.

Мәселен Рамазан Айтуар жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионы.

«Жұптық кездесуде бас жүлдеден басты үміткерміз. Осының алдындағы жарыста  қола жүлде алып қалған едім. Осы жолы есемді  бұл кездесуде қайтарғым келеді», – дейді Рамазан.

Ол бұл сында Кира Казакпен өнер көрсетеді. Кира бадминтонмен жеті жылдан бері айналысып келе жатыр. Қазақстан чемпионатының жүлдегері. Орта Азияға жарыстарға барып келген.

Командалық сында Орал өңірінен келген атлеттердің бағы басым. Олар қостанайлық командадан осының алдында басым түскен болатын.

«Осы жарысқа алты бала әкелдік. Әзірге ұжымымыз команда бойынша бірінші орында. Әлі де балдық көрсеткішпен есептелетін болады», – дейді құрама бапкерінің көмекшісі Ева Ботбаева.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу