Жанкелдин ауданының бұрынғы әкімі өмірден озды

Жанкелдин ауданының бұрынғы әкімі өмірден озды

Құрманғазы Шоқпытұлы Жанділдин 1999-2002 жылдары Жанкелдин ауданының әкімі қызметін атқарды.
Ол 1961 жылы 29 қаңтарда Арқалық ауданының Қайыңды ауылында туған. 1984 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Туған еліне келіп, кеңшардағы машина-трактор шеберханасында механик болып жұмысқа орналасады.

1986-1990 жылдарда Арқалық аудандық Комсомол комитетінің нұсқаушысы, бірінші хатшысы қызметі, 1994-1998 жылдары Торғай облысы Арқалық ауданындағы Т.Әубәкіров атындағы кеңшар директоры болды.

1999-2002 жылдары Жанкелдин ауданының әкімі қызметінде жүріп, «Айналайын Торғайым» атты аумақтық Арқалық, Аманкелді, Жанкелдин, Ырғыз аудандары арасында көркемөнерпаздар фестивалін ұйымдастырды. Сондай-ақ ауданда бірнеше қожалықтар ашылды.

2002 жылдан бастап Арқалық қаласындағы «Оңтүстік электр жүйесі» ААҚ-ның президенті қызметін атқарды. Ауданнан тысқары қызмет атқарып жүрсе де елге деген перзенттік парызын ұмытқан емес. Қызбел өңірінің Құмшық бөлімшесіне электр желісін орнатып, ал 2007 жылы 7 шілде күні Қазақстан және Мажарстан мадияларының «Ғасырлар арасында кездесу» бірінші халықаралық қазақ-венгер этнофестивалі мен ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды.

Жаңалықтармен бөлісу