Рейтинг Дүниежүзілік экономикалық форумның саяхат пен туризмді дамыту жөніндегі индексіне сәйкес қалыптастырылады.
Екі жыл бұрын еліміз 117 елдің ішінде 66-шы орынды иеленген болатын, осылайша бірден 14 позицияға көтерілді.
«Біздің ұзақ мерзімді мақсатымыз – осы рейтингтің үздік 50 еліне кіру. Қазір біз осы мақсаттан екі позицияда тұрмыз. Баға бәсекеге қабілеттілігін, қызмет көрсету сапасын және әлеуметтік-экономикалық әсерді қоса алғанда, әртүрлі критерийлер бойынша рейтингті жақсарту біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды көрсетеді», – деді ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.