Ардагерлер сенбілікке шықты

Ардагерлер сенбілікке шықты

“Таза Қазақстан” экологиялық акциясына «Ардагерлер ұйымы» Респбуликалық қоғамдық бірлестігінің Арқалық қалалық филиалы да үлес қосты.

Қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Түбекбай Әубәкіров бастаған ардагерлер тобы қала тазалығын сақтау, көшеттерді суару жұмыстарын жүргізіп, жас ұрпаққа үлгі-өнегесін көрсетті.

«Туған жерге қамқорлықпен қарау-әр азаматтың борышы. Әсіресе, айналаның тазалығы – тұрғындар денсаулығы үшін де, ұрпақ тәрбиесі үшін де керек, өте маңызды іс. Жастарға үлгі болсын деген ниетпен ардагерлер көтеріңкі көңіл-күйде, жұмысқа деген ынталары жоғары деңгейде атсалысып жатыр, – дейді қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Түбекбай Әубәкіров.

Қалада қалыптасқан дәстүр бойынша әр ұжым мекеме ғимараты мен іргелес жатқан аумақтарды ретке келтіру жұмыстарын жүргізеді.

Тазалық акциясына қалалық «Ардагерлер ұйымы» РҚБ және Қазақстан халқы ассамблеясының «Аналар ұйымының» мүшелері де белсенділікпен қатысып, аумақтарды шөп-шаламнан тазарту, бей-берекет жатқан қоқыстарды жинау, қураған ағаш бұталарын ретке келтіріп, ағаш діңдерін әктеу жұмыстарын жүргізді.

«Адамның денсаулығы негізінен оның өмір салтына байланысты»  деген қағидатты ұстанып, қоршаған орта мен оны күтіп ұстаудың денсаулығымызға тікелей әсер ететінін ұмытпауымыз керек. Сондықтан, барлық жастарды, қала тұрғындарын табиғатты аялауға шақырамыз», – дейді «Аналар кеңесінің төрайымы Бақытжамал Қалтаева.

 

Тоғжан Әбдуәлиева

Суреттерді түсірген М.Бекетұлы

Арқалық қаласы

 

Жаңалықтармен бөлісу