Тобыл қаласының жастары тазалық акциясына қатысты

Тобыл қаласының жастары тазалық акциясына қатысты

Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы Қостанай ауданында жалғасуда. 28 мамырда Қостанай ауданы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің студенттерімен бірлесіп 50-ден астам адам қатысқан экологиялық акция өткізді

Экоакция шеңберінде Тобыл қаласындағы шатқалды ірі көлемді және тұрмыстық қоқыстардан (Попович көшесінен Озерная көшесіне дейін) тазалау жүргізілді. Бүгінде қаланың орталық көшелерінен өтетін шатқал тұрмыстық қалдықтармен, бос банкалармен және бөтелкелермен ластанған.

Мұның бәрі бүкіл қалаға эстетикалық көрініс бермейді, сондықтан жастар ресурстық орталығы еріктілерінің бастамасымен шатқалды қоқыстардан тазарту туралы шешім қабылданды.

Акцияны колледж студенттері мен қызметкерлері қолдады, олар әрқашан қоршаған ортаны жақсартуға және жалпы сүйікті қаланың аумақтарын абаттандыруға үлес қосуға дайын. Сондай-ақ, барлық азаматтарды табиғатымызды таза ұстауға және сенбілікке шығуға шақыру мақсатында ұйымдастырылды.


Экоакцияның басты мақсаты – халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына, қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға аудару.

“Бұдан басқа, іс-шара жастарды патриоттық тәрбиелеуге, сондай-ақ ауданда еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталатын болады. Шынында да, осындай акциялардың арқасында эко – еріктілер қозғалысы дамуда, бұл табиғатқа ұқыпты қараудың жақсы мысалы. Біздің міндетіміз – табиғатты қорғау, қоршаған ортаны ластамау, үй маңындағы аумақтар мен шатқалды тазарту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу”, – дейді ұйымдастырушылар..

Тимур ШАҒЫРОВ,
ҚӨУ студенті.

Жаңалықтармен бөлісу