Елімізге шетелдік жұмыс күшін тартуға 22 мың квота бөлінді

Елімізге шетелдік жұмыс күшін тартуға 22 мың квота бөлінді

Қазіргі таңда Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен  13 733 шетел азаматы еңбек етеді. Олардан маусымдық жұмыстарға 1 639 адам тартылған.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес,  бүгінде Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 762 жұмыс беруші бар екенін айтсақ,  онда жұмыс істейтін ел азаматтарының үлес салмағы  455,5 мыңнан астам адамды құрайды екен.

Бұлардың дені құрылыс саласына шоғырланған (4 222 адам (30,7%).

Еңбек мигранттары  елімізге көбіне Қытай (4 059 адам (29,6%), Өзбекстан (1 815 адам (13,2%), Үндістан (1 192 адам (8,6%), Түркия (1 068 адам (7,7%) мемлекеттерінен келген.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында  жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді. Биыл  республикадағы жұмыс күшінің санына қарай жалпы 22 мың   квота бөлінген.

Жаңалықтармен бөлісу