Төтенше жағдай жарияланған Аманкелді, Жанкелдин, Қарасу, Қостанай аудандары және Арқалық, Қостанай қалаларына қарасты елді мекендерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Бұл туралы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары хабарлады.
Халық арасында жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатымен сала мамандары халық пайдаланатын ауыз судың сапасын бақылауды күшейтеді. Сондай-ақ эвакуациялық пункттерде орналасқан халықтың тұру және тамақтану жағдайлары қадағаланады.
“900-ден астам су сынамасы зерттелді, талдау нәтижелері бойынша судың микробиологиялық көрсеткіштері орташа жылдық көрсеткіштерден аспайды. Эпидемиялық тұрғыдан су қауіпсіз”, — делінген хабарламада.
Мал аурулары ошақтарының санитариялық-эпидемиологиялық мониторингі шеңберінде аса қауіпті жұқпалы аурулардың қоздырғыштарына сыртқы орта объектілерінің (топырақ, су, өсімдік жамылғысы) 133 сынамасы іріктеліп алынды, қауіп анықталған жоқ.
“Жалпы, Қостанай облысында инфекциялық және паразиттік сырқаттанушылыққа қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Су тасқыны жағдайының нашарлауына байланысты аса қауіпті инфекциялар, жіті ішек инфекцияларымен және “А” вирустық гепатитімен сырқаттану жағдайлары тіркелген жоқ”, — дейді мамандар.
Су тасқыны жағдайы тұрақтанғаннан кейін және өңірлерде су деңгейі түске н соң дезинфекциялық шаралар басталған. Ұлттық сараптама орталығы филиалының мамандары санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының бақылауымен су құбырларын, құдықтарды, аула аумақтарын, тұрғын үйлерді, аула қондырғыларын өңдеді. Бүгінгі таңда нысандардың 90%-дан астамы дезинфекцияланған.