Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев интернетте Қазақстандағы біртұтас уақыт белдеуіне қарсы жария болған петицияға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс кулуарында шенеунік министрлік ескертулерді мұқият қадағалап отырғанын айтты.
“Мәселе мынада, ережеге сәйкес, алдымен петиция нәтижесін күтуіміз керек, содан кейін бұл нәтижелерді қараймыз. Қазір бұл туралы айтуға ерте. Қазір бұған қатысты министрліктің ұстанымын жариялау мүмкін емес – қазір басқа мемлекеттік органдармен бірге ведомствомыз қабылдаған ресми ұстанымды ұстанамыз”, – деді вице-министр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Төребаевтың айтуынша, петиция бойынша шешім желтоқсанда қабылданады.
“Оны барлық мемлекеттік органдармен қарастырамыз. Қазір желтоқсанда шешілетін мәселені болжамды түрде талқылаймыз. Егер шекті 50 мың дауыс шамасына жетсе, үкіметте жұмыс қайта басталады, ол қанағаттандыру (петицияны – еск.) немесе қазіргі сағаттық режимді қалдыру мәселесін қарастырады”, – деп қосты Төребаев.
фото: gov.kz