Шақшақ Жәнібек көшесі №99 мекенжайында 50 пәтерлі үйдің құрылысы басталды. Мердігері – «Базис – А» құрылыс компаниясы.
«Құрылыс мемлекет басшысының «Елге көмек» бастамасы негізінде көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналып салынып жатыр. Бұл үйде көлемі 70-80 шаршы метрды құрайтын 3 бөлмелі пәтерлер орналастырылады. Үй бес қабатты, екі кіреберісті болады деп жоспарланды», – дейді «Арқалық қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» басшысының міндетін атқарушы Өміржан Әбдібеков.
Қазіргі уақытта құрылыс орны белгіленіп, аумағы қоршалып, техника, қол күші, құрылыс материалдары дайындалып жатыр.
Мамандардың айтуынша заманауи үлгіде ауласы абаттанған, тұрғындар үшін барлық қажеттіліктердің талапқа сай үлгілері сақталған жаңа үйдің құрылысы алдағы қыркүйек айының басында аяқталып, пайдалануға берілмек.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Суреттерді түсірген автор
Арқалық қаласы