ҚР Үкіметінің резервінен энергия көздерін дайындауға 17 млрд теңге қаржы бөлінді

ҚР Үкіметінің резервінен энергия көздерін дайындауға 17 млрд теңге қаржы бөлінді

Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында белгілі болды. ҚР Энергетика министрлігінің  мәліметіне сәйкес, биыл республиканың электр стансаларында 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны жөндеу жоспарланған. Жалпы ұзындығы 20,9 мың км электр желілері, сондай-ақ 423 жоғары вольтты қосалқы стансалар да жаңартылмақ.

“Барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Энергетика саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін мемлекет қабылдап жатқан шаралар шамамен 327 млрд теңге тартуға мүмкіндік береді, бұл өткен жылғы деңгейден 44%-ға артық”, – делінген ресми мәлімдемеде.

Энергия көздерін дайындауға ҚР Үкіметінің резервінен алдын ала 17 млрд теңге бөлінді. Қалған өтінімдер бойынша жұмыс жақын арада аяқталады.

📱

https://t.me/KZgovernment

Жаңалықтармен бөлісу