Су тасқынынан болған күтпеген табиғи апат жергілікті тұрғындар үшін автомобиль жолдарының қолжетімділігі мен қауіпсіздігінің маңыздылығын тағы да көрсетті.
Жол қатынасының ашық болуы – жол компаниялары мамандары үшін басты басымдықтардың бірі.
Қазавтожол және КАЖСЕРВИСТІҢ облыстық филиалдары қарғын судан кейін жергілікті маңызы бар жолдарды қалпына келтіру жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді.
Жергілікті маңызы бар жолдарды қалпына келтіру бойынша жұмыстарының жарқын мысалдарының бірі –”Тоқанай-Саға-Бидайық” аудандық маңызы бар трассасын қалпына келтіру болатын.
Топтасқан күш-жігердің арқасында кейбір елді мекендерге қарай қозғалыс қалпына келтіріліп, автожолды кеңейту жұмыстары ғана қалды
14 техника жұмылдырылды, бұл жөндеуге тиімді және жедел кірісуге мүмкіндік берді.
Мамандар қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Мысалы, әу баста төселген баламалы жолды Қажсервис қызметкерлері қайта салуға мәжбүр болды.
Ауа-райының нашарлауына байланысты су деңгейі қайтадан көтеріліп, нәтижесінде маңдай термен салынған балама жолды шайып кеткен еді. Жолшылар өз жұмысын қайта бастап, қозғалысты қамтамасыз ету үшін барларын салды. Өте көп уақытты әрі қажырлы еңбекті қажет ететін үрдісте жолшылдардың қол қусырып қарап отыратын уақыты болмады. Олар тапсырманы орындап, жобаны сәтті аяқтады.
Мұндай еңбек инфрақұрылымды қалпына келтіруге ғана емес, жергілікті халықтың қауіпсіздігі мен жайлылығына тікелей әсер етеді.