Қостанайда танымал спортшылар қарағай көшетін екті

Қостанайда танымал спортшылар қарағай көшетін екті

Қостанайлық спортшылар мен мемлекеттік қызметкерлер «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясына қатысты. Қаланың Юблейный шағын ауданының Юблейный көшесінің бойына жүзге тарта қарағай көшетін отырғызды.

Арасында еліміз мақтан тұтар майталмандар – әйгілі аяқ доп шебері, «Тобыл» футбол клубының спорт директоры Нұрбол Жұмасқалиев пен конькиден Әлем чемпионы Денис Кузин бар.


Юблейный көшесі бойына қатар-қатар қарағай көшеттері жеткізілді. Түс ауа жүзге тарта мемлекеттік қызметкерлер мен споршылар қолдарына күрек алып, көше бойына көшеттерді отырғыза бастады.

 
Танымал споршылар акцияға қатысу арқылы болашақ ұрпаққа үлгі көрсетуге болады деп санайды. Өйткені, тазалық – өзімізден басталады.

Нұрбол Жұмасқалиев,  «Тобыл» футбол клубының спорт директоры:

– Табиғатқа қамқорлық – болашақ ұрпақ үшін. Және әрқайсымыз мамандығымызға немесе мәртебемізге қарамастан, осы маңызды жұмысқа өз үлесімізді қосуымыз керек. Әрбір отырғызылған көшет табиғатты сақтау үшін қажет. Сонымен қатар, үлкен өзгерістерге шағын қадам. Барлық қала тұрғындарын осы акцияға қатысуға шақырамын.

Денис Кузин, конькиден Әлем чемпионы:

– Қаланың әрбір тұрғыны өзінің тұрғылықты жеріне жауапкершілікпен қарауы, абаттандыру мен көгалдандыруға қатысуы тиіс. Бүгін біз «Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында тал егіп, қаланы абаттандыруға өз үлесімізді қостық.

Көше бойына жүзге жуық түп қарағай көшетін отырғызды.

Естеріңізге сала кетейік, акцияның мақсаты – өңірлердің экологиясын жақсарту ісінде ел халқын біріктіру.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Суреттерді түсірген – Бердіболат Көркембаев

Жаңалықтармен бөлісу