Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алдын ала ескерту жариялады 

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алдын ала ескерту жариялады 

Алда жаз маусымы келе жатыр. Көпшілік өзен-көлдерге шомылуға барады. Осыған байланысты, департамент өкілдері қала тұрғындарын судағы қауіпсіз ережелерін сақтауға шақырды.

“Тереңдігі белгісіз жерлерде сүңгуге, мас күйінде суға шомылуға, қоршау белгілері мен бұйылардан тысқары шығуға болмайды”, – делінген ресми хаттамада.

Әсіресе, тыйым салынған жерлер мен моторлы су көліктеріне жақын жүзу аса қауіпті. Балаларды қараусыз қалдырмай, осы шараларды қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қала аласыз!

 

Жаңалықтармен бөлісу