Алда жаз маусымы келе жатыр. Көпшілік өзен-көлдерге шомылуға барады. Осыған байланысты, департамент өкілдері қала тұрғындарын судағы қауіпсіз ережелерін сақтауға шақырды.
“Тереңдігі белгісіз жерлерде сүңгуге, мас күйінде суға шомылуға, қоршау белгілері мен бұйылардан тысқары шығуға болмайды”, – делінген ресми хаттамада.
Әсіресе, тыйым салынған жерлер мен моторлы су көліктеріне жақын жүзу аса қауіпті. Балаларды қараусыз қалдырмай, осы шараларды қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қала аласыз!