Қостанай индустриалды педагогикалық колледждің базасында өткен «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша студенттер арасындағы облыстық олимпиаданың қорытындысы шығарылды.
Студенттер арасындағы облыстық олимпиаданың бірінші іріктеу турына Дене шынықтыру және спорт, педагогика мамандықтары бойынша облыстың төрт колледжінен 14 студент қатысты.
Бірінші турда олимпиада қатысушылары прокторинг процедурасымен онлайн тестілеуден өтті.
Тестілеу қорытындысы бойынша екінші турға он қатысушы өтті.
Екінші турда қатысушылар педагогикалық мәселелерді шешу және көпшілік алдында сөз сөйлеуде шеберліктерін көрсетті.
Байқауға қатысушылардың жұмыстарын сарапшылық комиссия бағалады.
Нәтижесінде Қостанай индустриалды педагогикалық колледжінің студенті Виктория Белова бірінші орын алса, Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік гуманитарлық колледжінің студенті Мәжен Дәуіржан мен Қостанай индустриалды педагогикалық колледжінің студенті Руслан Бекенов екінші орын алды. Ы. Алтынсарин атындағы әлеуметтік гуманитарлық колледжінің студенті Бексұлтан Әбутаев пен Қостанай индустриалды педагогикалық колледжінің студенті Камила Рахметова үшінші орынға ие болды.