Сауда қоймасындағы өрт ауыздықталды

Сауда қоймасындағы өрт ауыздықталды

Қостанайдағы Складской көшесі 1, мекенжайында болған ірі өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Облыстық ТЖД апаттар медицинасы орталығының мамандары ауруханаға жатқызудан бас тартқан екі адамды тексеріп,  олардың өміріне қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.

“Аумағы 1100 шаршы метрді құраған өрт толық сөндірілді. Өртті сөндіруге 55 адам мен 19 техника жұмылдырылған”, – делінген ТЖД хабарламасында.

Болжаммен өрттің шығу себебі – электр сымдарындағы қысқа тұйықталу.  Департамент өкілдері мұндай оқиғаларды болдырмау үшін азаматтарды қырағы және сақ болуға шақырады.

Жаңалықтармен бөлісу