Қазақстан футбол лигасының бесінші турында Қостанайдың “Тобылы” сырт алаңда “Астанамен” кездесті.
Қостанайлықтар бірден шабуылға ден қойды. Ойынның он екінші минутында бұрыштамадан есеп ашты. Жартылай қорғаушы Игорь Ивановичтің көтерген добын Папе Ндиайе басымен қақпаға тоғытты. Алдайда 27 минутта елордалықтар есепті теңестірді. Марин Томасов аладопты қорғаушы мен қақпашының үстінен қиналмай асыра салды. Кездесудің екінші бөлігінде алаңға жаңадан шыққан “Тобылдың” жетпіс жетінші нөмірлі ойыншысы Девид Энен жетпіс жетінші минутта есеп айырмасын ұлғайтты. Оң жақ қапталдан жеке-дара ойқастап, допты қақпаға тулата салды. Ойын аяқталар тұста “Астананың” түлегі Станислав Басманов шабуылшы Рамазан Кәрімовті алмастырды. Командаластарының бұрыштама добын орындау сәтіне тап келді. Марин Томасовтың көтерген добына басын тоса салды. Осылайша, есеп қайта теңесті – 2:2. Кезек “Тобылға” келген. Алаңда дене қыздырып үлгермеген Руслан Валиуллин тірек қорғаушы Эдедем Эссьеннің пасын сәтті пайдаланып, орта тұстан Шондрич қорғаған қақпаны дәл көздеген. Алайда арада екі жыл үзіліс алған Қазақстан құрамасы ойыншысының бұл голын төрешілер есепке алған жоқ. Осы эпизодтың алдында Бейбіт Ғалымның өрескел тәртіп бұзғанын ВАР төрешілері назарға алды.